Accessibility links

АҚШ үкіметі, Әзірбайжандағы президенттік сайлаудан кейін орын алған наразылық шаралары және азаматтардың тұтқындалуына орай, Европадағы Қауыпсыздық және Ынтымақтастық ұйымының алаңдаушылық білдіруіне қосылып отыр.


АҚШ мемлекеттік департаменті наразылық шерулері кезіндегі тұтқындау әрекеттерінің саяси астары бар деп есептейді. Сондықтан мемлекеттік департамент әзери үкіметін және оппозицияны заңдарға сүйеніп, өзара бейбіт келісімге келуге шақырады. - Біз сайлаудан кейіңгі күш көрсету әрекеттеріне алаңдаудамыз. Сондықтан Әзірбайжан үкіметі мен оппозициядағы партияларды зорлық-зомбылық әрекеттерді тоқтатуға шақырдық. Кімде кім қылмыстық іс жасаса заң алдында жауап беруі тиіс, - дейді департамент өкілі. Наразылық шеруі кезіндегі шайқаста 100 ден астам адам тұтқындалған. Екі адам қаза тауып, 200 шақты адам жарақат алған.
XS
SM
MD
LG