Accessibility links

Қазақстандағы үш саяси партия бірігіп, сайлау жөніндегі заңның жедел түрде қабылдануын талап етіп отыр


Қазақстандағы үш саяси партия, яғни Коммунисттік, Патриоттар және «Ақ жол» партиялары қазақстандықтардың жағдайын ретке келтіру мақсатында бір ай бірігіп, арнайы бір акция ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Дәлірек айтқанда, біріккен партиялар «Жаңа заң -жаңа сайлау комиссиялары және әділ сайлау» атты жалпыұлттық акция өткізеді. Қазақстанның Коммунисттік партиясының бірінші хатшысы Серікболсын Әбділдиннің айтуынша, бұл Мәжіліс сайлауы алдындағы дайындық.

Серікболсын Әбділдин, Қазақстанның Коммунистік партиясының бірінші хатшысы: - Біздің осы мәслихат сайлауы дұрыс өтсе деп, ойлап едік, бірақ бұл үмітіміз ақталмады. Бұл тек біздің пікіріміз емес, күллі қоғам, шетелдік бақылаушылар және қарапайым халық та осы жағдайды байқап отыр. Сол себептен келесі сайлаудың мүддесін қорғау үшін біз бірігіп отырмыз. Заң шығару керек, ол заң қазіргі сайлау жүйесін өзгертуі керек, атқару билік соған қатыспау керек. Бұл мәселені біз бұрын көтерген болатынбыз, бірақ соңғы сайлау нәтижесі бізді осы мәселені қайта көтеруге мәжбүрледі.

Қазақстан халқы арасында қол жинау акциясын біріккен үш партия бір ай бойы жүргізеді, соңынан ұйымдастырушылар бұл акция нәтижелерін Қазақстан Президентіне, Парламент депутаттарына жіберуді көздеп отыр. Парламент мүшесі, коммунист Серікболсын Әбділдин, Қазақстан халқының пікірін билік те білу керек, деген ойда.

Серікболсын Әбділдин, Қазақстанның Коммунистік партиясының бірінші хатшысы: - Жалпы, біз 300 мың адамның қолын жинаймыз десек, онда әр партия 100 мыңдай адамның қолын жинайды. Алайда бұл сан өзгеруі мүмкін, себебі біз 300 мыңнан көп жинайтын шығармыз, немесе бұл сан айтарлықтай аз болуы мүмкін.

«Ақ жол» демократиялық партиясының теңтөрағаларының бірі Болат Әбілов қазақстандықтар бар мәселесін шешу үшін, белсенділік таныту керек, дегенді айтты.

Болат Әбілов, «Ақ жол» партиясының теңтөрағаларының бірі: - Сайла туралы заң жақсы болғанымен қазақстандықтардың жағдайын жақсарту мүмкін емес. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін бірнеше заң қабылдау керек, яғни бұқаралық ақапарат құралдары жөніндегі жақсы заң болу керек. Сонымен қатар, жергілікті өзін өзі басқару туралы заң болу керек. Сол кезде бар мәселені ретке келтіруге болады.

Ең бастысы коммунист Серікболсын Әбділдиннің айтуынша, қарапайым қазақстандықтар үндемей отырмау керек, олай болған жағдайда олардың талап-тілектері орындалмай қалуы мүмкін.

Серікболсын Әбділдин, Қазақстанның Коммунистік партиясының бірінші хатшысы: - Бізде тек сайлау жөніндегі заң ғана емес, көптеген заң өзгеру керек, Конституция өзргеру керек. Оның барлығына күш салу керек. Болат Әбілов дұрыс айтады, халық үндемей отырса, нәтиже болмайды. Халық белсенді түрде ат салысып, өз пікірін ортаға салу керек.

Сонымен қатар, жана заң, жаңа сайлау комиссиясын және әділ сайлауды талап еткен саясаткерлер Қазақстан үкіметі сайлау жөніндегі заңды жедел түрде Парламентке жіберсін, ал Парламент жаңа жылға дейін сайлау жөніндегі заңды қабылдасын деген ұсыныс жасады.
XS
SM
MD
LG