Accessibility links

Иран еш құпиясы болмағандықтан, өзінің ядролық бағдарламасы жөніндегі барлық мәліметтерін көрсетуге даяр деп мәлімдеді бүгін Иран сыртқы істер министрі Камал Харрази.


Және Иран ядролық қару таратпау жөніндегі қосымша хаттамаға қол қоюға келісті. Техранда жасалған бұл мәлімдеме Харразидің Ұлыбритания, Франция, Германия елдерінің сыртқы істер министрлері Джек Стро, Доминик де Вилпа, Иошка Фишермен кездесуінен кейін айтылды. Дипломаттардың айтуына қарағанда, Европалық одақтың министрлері Иранға бейбіт атом бағдарламасын дамытуға көмектеседі егер Иран осы мәселеде БҰҰ мен тығыз ынтымықтастықта болса. Иран 31 қазанға дейін МАГАТЭ яни халқаралық атом энергиясы агенттігіне өзінің ядролық бағдарламасы туралы барлық мәліметтерін беру керек. Ұлыбритания, Франция, Германия елдерінің сыртқы істер министрлері бүгін Техранда президент Мохаммед Хатами мен Иранның ұлттық қауіпсіздік кеңесінің басшысы Хассан Роханимен кездеседі.

AzattyqTV

Астанадағы зират

Элитаға пантеон керек пе?

XS
SM
MD
LG