Accessibility links

Сайлау барысындағы өрескел заңсыздықтар

  • Саясат БЕЙİСБАЙ

22 қазанда мәслихат депутаттығынан үміткер болған, «Алматыны таза қолға берейік» атты интернационалдық ұйымнан ұсынылған экс- кандидат, біріккен демократиялық оппозицияның сайлау штабының жетекшісі Асылбек Қожахметов Ұлттық баспасөз орталығында баспасөз мәслихатын өткізді. Осы басқосуда жалпы мәслихат депутатарын сайлау барысында орын алған өрескел заңсыздықтар айтылып, нақты фактілер келтірілді.

Асылбек Қожахметов өзіне қарсы жасалған қаралау, жалған жалалар көп болғанын айтады.

- Алайда соның бәрі билік тарапынан іске аспай қалды. Содан кейін олар басқа тәсілге көшті. Сайлау барысындағы заңсыздықтарды айтып, сайлау учаскелерінің үстінен бес мәрте сотқа бердім, соның төртеуінде біздің ісіміз оң екені туралы сот әділ шешім шығарды, - дейді Асылбек Қожахметов.

Сондағы берекесіздіктердің орын алғанын тәптіштеп айтып шыққан Қожахметов сайлау учаскесіндегілер дауыс беру кезінде 1,5-2 сағаттан шай ішіп отырып алғандарын мысалға келтірді.

Асылбек Қожахметов нөмірі 21 сайлау округінің барлық учаскесінде түгел дерлік заң бұзылды дей келе, сондағы әр учаскелерде белгісіз адамдардың 4-5 мәрте қайта-қайта дауыс бергендерін бейнетаспаға түсіріп алғандығын айтып, соны журналистерге көрсетті. Олардың суреттері сәрсенбі күнгі «Сөз» газетінде жарияланды.

- Біздің мақсат - сайлау барысындағы биліктің екіжүзділігін әшкерелеу, соны бүкіл халыққа жария ету, - дейді Асылбек Қожахметов.

Осы мәселеге орай баспасөз мәслихатына қатысқан Тәуелсіз бақылаушыларлың республикалық жүйесінің жетекшісі Дос Көшім «Азаттық» радиосына өз пікірін білдірді.

- Ең қызығы бір адамның бірнеше жерде дауыс бергені. Сот орындары мұндай әрекетті аяқсыз қалдырмауы тиіс. Сондай-ақ сол учаске комиссияларының басшылары да сотқа берілуі керек,- дейді Дос Көшім. - Бірнеше рет дауыс берушілерді қатаң жазаға тарту арқылы мұндай әрекеттерді ауыздықтауға болдады.

Қазақстандағы сайлау барысы, міне осылай өтуде.
XS
SM
MD
LG