Accessibility links

АҚШ –ң қорғаныс департаменті Ирақта тұрған күштерді <br><br> толықтыру үшін Ұлттық гвардия қатарын кеңейтуді жоспарлап отырғанын хабарлаған.


Бұл жөнінде Вашингтондағы баспасөз мәслихатында Американың штаб бастықтарының бірлескен комитеті төрағасының орынбасары, теңіз жаяу әскерлерінің генералы Питер Пас мәлімдеген. Пентагон шенеуніктерінің айтуынша, дәл қазіргі таңда Ирақ үшін 133 мың америка жасағы жеткілікті болатын көрінеді. Осы баспасөз конференциясында АҚШ қорғаныс министрі Доналд Рамсфелд Америка Түркиядан келетін тәрізді халықаралық қосымша күштерді қуана қарсы алады деп айтқан. Алайда министр Түркия әскерлеріне Ирақ оппозициясы қалай қарайтыны жөнінде ашып айта қоймаған. 25 миллиондық Ирақ халқының үштен бірін құрайтын ирақ күрдтері Түрік күштеріне сенімсіздікпен қарайды. Кеше сондай-ақ Түркияның сыртқы істер министрі Абдулла Гүл Түрік үкіметінің Ираққа әскер жіберу жөніндегі шешімі орындалмауы да мүмкін екендігін айтқан.
XS
SM
MD
LG