Accessibility links

Батыс жағалау. Израил күштері Рамалла қаласына кіріп, мешітті қоршап, көзден жас ағызатын газ жіберген.


Израил әскерилерінің айтуынша, қалаға шамамен 40-тай бронетранспортер кірген, мұнда Палестин жетекшісі Ясер Арафаттың штабы орналасқан. Әскерилер қала тұрғындарына коменданттық сағат жариялаған. Көршілес жатқан Әл-Биреу қаласында да тінту жүргізілген. Кеше ертеңгісін Европа одағы мен Ресей Арафатқа қосылып, 10 палестиндікті өлтірген Газа секторындағы Израил әуе күштерінің шабуылдарын айыптаған болатын. ЕО-ң сыртқы саясат жетекшісі Хавер Солана да бейбіт тұрғындардың құрбандығына әкеліп соқтырған мұндай қақтығыстарға тек өкініш білдіретіндігін айтқан.

AzattyqTV

29 наурыз

AzatNews 29.03.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG