Accessibility links

Иран Ядролық қаруды таратпау жөніндегі қосымша хаттамаға қол қоятыны және уранды байыту бағдарламасын тоқтататыны жөнінде айтқан.


Кеше ертеңгісін Иран Франция мен Германияның және Британияның сыртқы істер министрлерімен жүргізілген келіссөздерден соң БҰҰ-ы қару тексерушілерінің бұдан да кеңірек бақылау жүргізуіне өкілеттік беретін Ядролық қаруды таратпау жөніндегі қосымша хаттамаға қол қоятыны және уранды байыту бағдарламасын тоқтататыны турасында айтқан. Қазанның 31не дейін Иранға ядролық қару бағдарламсы жөнінде жан-жақты түсінік берсін деп мерзім белгілеген Халықаралық атом энергиясы агенттігі бұны игілікті қадам деп қабылдады. Алайда Халықаралық атом энергиясы агенттігінің өкілі Мелисса Флеминг Иран өзінің ядролық бағдарламсы жөнінде жауап беру үшін көптеген мәселелер әлі де қалып отыр деген. - Алдағы бірнеше күндерде, тіпті қазанның 31не дейін, Иран не істеуі керек деп күтіледі: Иран өзінің барлық аймақтағы ядролық бағдарламасын, ашып, еш бүкпесіз көрсетуі керек. Сіздер білесіздер бұл тұрғыда халықаралық инспекторлар тарапынан өткен айлардағы зерттеулер кезінде көптеген мәселелер көтерілген болатын. Міне олардың бәріне халықаралық қауымдастық қанағаттанатындықтай жауап берілуі керек болады, - деген ол.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG