Accessibility links

Украинада тіл туралы жаңа заң қабылданды.


Ол заң бойынша енді бұл елде жарық көретін жарнамалардың бәрі украиынша жазылуы керек. Алайда бұл қадам орыс тілділер тарапынан қатты сын дауылын тудырды.

Өткен аптада Украин парламенті бұл елдегі бұқаралық ақпарат құралдарында жарнамалар енді тек украин тілінде болуы керек деген заң қабылдады. Заң бойынша өзге тілде берілген жарнамаға тиым салынады. Өзге тілде жарнама берушіге сол жарнаманың 4 бағасы көлемінде айыппұл салынады. Бұл заңды орыс тілділер мен Ресеймен жақындасуға құштар партиялар бірден сын тоқпағының астына алды. Олександр Базилик бастаған славиян партиясы ол сыншылардың көшін бастады. Сыншылар егер жарнама украин тілінде берілер болса онда ол аудиториядан айрылып қалады дейді. Алайда Украинадағы әйгілі КАК атты жарнама агенттігінің иесі Сашко Ковтоненко болса ол пікірмен келіспейді, ол өз агентігі өмірге келген 10 жылдан бері жарнамаларды тек украин тілінде жасап келе жатқанын айтады:

"Мен сіздерге бір нәрсені айтқым келеді. Жарнамаларын украин тілінде беріп келе жатқан көптеген ірі компаниялар, ішінде алкагол, темекі қомпаниялары да бар, үлкен табысқа кенеліп отыр. Олар ешқандай проблемаға кезігіп отырған жоқ".

Сол тәрізді Украинаның ЮМК атты мобил телефоны компаниясының да жетекшісі Андрий Хундер украин тілінде жарнама жасаудың тиімді болғанын айтады:

"Жарнамамыздың бәрін жаңа заңға сай украиншаға өткен айда көшіргенбіз. Оның компания жұмысына әлдеқандай бір әсерін байқап отырған жоқпыз."

Андрий Хундер жаңа заң орыс тілді ақпарат құралдарын тақыр жерге отырғызады деу қате дейді:

"Мен бұрнағы күні көптеген бас редакторлардан жарнамалар мөлшері қысқарды ма деп сұрадым. Маған олар жарнамалар көлемінің сол бұрынғы күйінде қалғанын айтты".

Көптеген талдаушылар бұ заң орыс тілін пайдалануды шектеуге бағытталған дейді. Украин тілі Украинаның Совет Одағына 1944 жылы ғана кірген батыс аймағында жақсы сақталған. Совет Одағы құлап Украина тәуелсіз ел болғалы бері Украинада тұратын 10 пайыз орыстармен орыс тілінде сөйлейтін украиндықтар орыс тіліне де мемлекеттік мәртебе беру керек деп күресіп келеді. Олар Украинаның негізгі мектептерінде украин тілінің басымдығын біздің құқымызды таптау деп біледі. Алайда украин тілін қолдаушылар орыс тілі шеттетіліп отыр дегенге келіспейді.

Жарнамашы Ковтенко:

"Украинадағы айқай-шу жарнамалардың украиншаға көшірілуінен шығып отырған жоқ, керісінше, Киевтегі 20 радиобекеттің жиырмасы да орыс тілді болып отырғандығынан шығып отыр, олардың Украина заңдарын бұзып отырғандығынан шығып отыр."

Ковтенко сондай-ақ орыс тілді баспасөз ұятты жиып қойып украин тілін мүлдем жоққа шығарғысы келеді дейді. Ковенконың айтуынша Украинадағы бұқаралық ақпарат құралдарының дені орыстардың қолында. Сондықтан да олардан украин тіліне деген кең пейілділік күту әурешілік деп біледі. Украина тіліне болып жатқан шабуыл Ресей үкіметінің саясаты дейді Ковтенко. Мысалы, өткен айда Ресей СІМ-нің орынбасары Эленеора Митрофанова Мәскеудің сыртқы саясаты бұрынғы советтік республикалардың бәрінде де орыс тілін екінші мемлекеттік тіл ретінде енгізу деп мәлімдеуі. Ол мәлімдемені Украина үкіметі өткір сынға алды.

Украинадағы орыс тілі емес қағажу көріп отырған украин тілі екенінің бір мысал, бүгінде Украина түстігі мен шығысында мектептердің 75 пайызы орыс тілді мектептер екендігі.
XS
SM
MD
LG