Accessibility links

Қазақстан Таяу шығыстағы орын алып отырған жағдайдың бейбіт жолмен шешілуін қалайды.


Қазанның 22-сі күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің төрағасы Шәріп Омаров Палестинаның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Мұхаммед Абдолла Таршахани мырзамен кездесті. Палестина елшісі өз еліндегі жағдаймен жақынырақ таныстыруға келгенін айта келіп, Палестина мен Израйль арасындағы қақтығыстың салдарынан қарапайым тұрғындар зардап шегіп отырғанын, осы үздіксіз жалғасып келе жатқан алауыздықты әлемдік қауымдастық арқылы тоқтатуға болатынын мәлімдеді. Өз кезегінде Шәріп Омаров Қазақстан жағы Таяу шығыстағы орын алып отырған жағдайдың бейбіт жолмен шешілуін қалайтынын жеткізді.
XS
SM
MD
LG