Америка президенті Индонезия президентінің терроризммен күрес жөнінде жүргізіп жатқан әрекеттеріне қолдау көрсететінін білдірді. Бали аралында өткен жылы үлкен теракті болып, онда 200-дей адам қаза болған еді. Кездесуден кейін Джордж Буш баспасөз маслихатын беріп, былай деген.
Америка азаттық пен демократия терроризммен күресте шешуші құрал екеніне сенеді. Себебі, адам құқықтары сақталған азат елдерде- жек көрушілік, жаугершілік өлтіру идеалогиясы деген болмайды. Құрама Штаттар демократия мен азат өмір әрі экономикалық прогресс үшін әрекет етіп Ауғанстан мен Ирақтағы миллиондаған елдің кедейліктен шығуына көмектесіп, қатыгез қуғын сөргін жылдарын артта қалдырып, қауіпсіз және тынышырақ өмір қалыптастыруға тырысып жатыр деген АҚШ президенті.
Бүгін АҚШ президенті Джордж Буш Бали аралында Индонезия президенті Мегавати Сукарнопутримен келіссөздер жүргізді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық радиосы – 70 жыл
Ескендір һәм "Ғаскер әні". Хасанғалиев шырқаған "Алаш маршының" ерекшелігі неде?
-
"Өлексесі табылған малға ғана өтемақы төлейміз"
Су тасқынының шығыны қалай есептеліп жатыр?