Accessibility links

АҚШ Әзірбайжандағы тұтқындауларға байланысты алаңдаушылық білдірді.


Апта бұрын Әзербайжанда өткен президенттік сайлауға іле-шала болған қарсылықтардан кейін орын алған тұтқындауларға орай АҚШ алаңдаушылық білдірді.

Бұл тұтқындаулардың саяси астары болды деп біледі Вашингтон. ҚШ мемлекеттік департменті екі жақты да үкіметті де, оппозицияны да заң бұзбауға шақырды.

Вашингтоннан тілшіміз Франк Чангостың хабарлауынша Әзірбайжандағы президенттік сайлаудан кейін орын алған тұтқындауларға орай ҚШ жағы алаңдаушылық білдірген. ҚШ көзқарасын ҚШ мемлекеттік департментінің өкілі Адам Ерели білдірді:

"Әзірбайжандағы сайлаудан кейін орын алған тұтқындауларға орай біз де алаңдап отырмыз. Біз үкіметті де, оппозицияны да тоқтамға шақырдық."

Дүйсенбі күні Европадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының өкілі Христиан Строхал Әзірбайжан үкіметінің оппозиция өкілдерін тұтқындауын айыптады. Және сайлау қорытындысын бекітпей қойған кейбір сайлау округтарының жауапты адамбарын тұтқындауын да қоса айыптады. Әзірбайжанда өткен соңғы президенттік сайлау Ильхам Алиевты әкесінің орнына президенттік таққа отырғызғаны аян. Сайлау қорытындысын үкімет бұрмалады деп тапқан оппозиция болса қарсылық шеруін ұйымдастырғаны аян. Полиция мен шерушілер арасында қақтығыс орын алып бір кісі опат болып, полиция 100-ден астам кісіні тұтқындағаны белгілі. Тбилисиде сөйлеген сөзінде Грузия президенті Здуард Шеварнадзе президенттік сайлауда Илхам Алиевтың жеңіске жеткені ешқандай күмән тудырмайды деді:

"Көптеген халықаралық ұйымдардың бақылаушылары растаған біздің қолда бар ақпаратымыз бойынша Илхам Алиевтың жеңіске жеткені еш күмән келтірмейді."

Әзірбайжанда өткен сайлауға орай көршілес Армения дағы өз пікірін білдірді. Армения сыртқы істер министрі Вардан Осканиян Армения жағының Таудағы-Қарабақ жанжалын шешу үшін жаңадан сайланған Әзірбайжан президентімен жұмыс істейтінін мәлімдеді. Осканиян Таулы-Қарабақ жанжалы бойынша екі жақ өзара келіссөзді одан әрі жалғастырар деген үмітін айтты. Алайда, Осканиян Армения жағының Әзірбайжанның жаңа президентін құттықтамайтынын қоса айтты:

"Бір-бірімізді құттықтап жату біздің дәстүрімізде жоқ, сондықтан Армения жағынан құттықтау болмайды", - деді Армения сыртқы істер министрі.
XS
SM
MD
LG