Accessibility links

Мәскеудегі шешендер ұйымдастырған кепілдік тұтқыны ол жылы қайғылы аяқталған болатын

  • Әбдіғани ЖИЕНБАЙ

Осыдан тура бір жыл бұрын бір топ шешен қарулылары Мәскеудегі Дубровка театрында 700-ден астам көрермен мен актерларды кепілдік тұтқынға алып, үш тәулікке жалғасқан ол теке-тірестің соңы 129 адамның өлімімен аяқталған болатын.

Осыдан тұп-тура бір жыл бұрын шешендердің қарулы бір тобы кепілдік тұтқында ұстаған Мәскеу театрына газ шабуылы жасалып , 700дей көрерменнен 129 адам қаза тауып, қайғылы аяқталған сол күнгі операциядан кейін Ресей президенті Владимир Путин ,

- Біз болмайтын жағдайды болдырдық. Жүздеген адамды өлімнен алып қалдық. Ресейдің тізесін ешкім бүктіре алмайтындығын іс жүзінде дәлелдедік, - деген болатын.

Өткен 2002-жылғы қазанның 23і күні кешке қарай, Мәскеудегі Дубровка театрына көліктер керуені жетіп келіп, олардан шықққан 50 шақты қарулы театрдың үлкен залына басып кірді.

Ол күні жұртшылық Советтік өмір тарихын бейнелейтін Норд-Ост қойылымын тамашалауға келген болатын. Сол замат ол қарулы топ 700дей көрермен мен артис, актерларды кепілдік тұтқын деп жариялады. Қарулы шешен жастары Кремль алдына қойған негізгі шарт - орыс әскерлерінің Шешенстаннан алып шығып кетілуі еді.

Олар егер шарт орындалмаса онда тұтқындағылар тиісті аралықта атыла басталады, деп ескертті.

Президент Путин үшін бұл күтпеген апатты жағдай еді. Бейне бір алыс Шешенстандағы соғыс Мәскеуге төніп келгендей болды. Кейбіреулер бұны АҚШтағы қыркүйек террорлық шабуылына ұқсатты.

Мәскеулік үкімет алдында – не шешендік қарулы топ талабын орындау, не болмаса көптеген адам шығынына жол берудей екі-ақ жол бар еді. Теке-тірес 3 күнге созылды. İште қарулы топ пен кепілдік тұтқындар, ал сыртта қара суықта олардың туыстары мен жанашырлары жандарын шүберекке түйіп тұрды.

Араағайындық әрекеті нәтижесінде науқас адамдар мен жас балдар тұтқындықтан босатылады. Үлкен залдан сырттағы кейбіреулер ғана терезелерден шығып үлгіреді.

- Жағдай өте жаман. Барлық жерге мина қойылған. Адамдар үрей астында, -- дейді сымсыз телефоны арқылы ол арада болған бір қыз.

Құтқару операциясы 3-тәулікте таң ертең басталды. Театрға арнайы қосындар басып кіреді. Ал одан сал алдын вентиляция жүйесі арқылы ауамен ішке улы газ жіберіледі.

Орыс жасақтарының ең алғашқы тірлігі шешендердің қарулы тобын сол арады қырып салу болған. Содан кейін ғана ес-түсінен айрылған адамдарды сыртқа алып шыға бастайды. Бірақ бұл кезде газға шыдай алмаған тұтқындар өле бастаған еді.

Ең сорақысы - көмекке келген тустарды ішке жібермеген. Ал 7 жүздей адамды сыртқа алып шыққанша жүздеген адам жан тәсілім етіп үлгірген.

- Меніңше, бұл операция арқылы кепілдік тұтқындарды құтқару емес, терроршылардың көзін жойып, сол арқылы күш көрсету болды - дейді театрға кіріп мәмілегерлік міндетін атқаруы тиіс болған, бірақ ондай мүмкіндік берілмеген журналист Анна Политковская.

Артынан анық болғанындай, ол күнгі операция кезінде 129 адам қаза тапқан.

- Залға газ жіберілгенін, бүкіл жағдайды бәріміз көріп біліп тұрдық. Бізді тұтқында ұстап отырғандардың бізге не істесе де, театрды, бәрімізді жарып жіберсе де уақыты, мүмкіндіктері болды. Бірақ олар ондай қылмысқа әдейі бармады. Неге? Оны менің өзім түсінбедім, - дейді бір келіншек.

Ал залдан сыртқа шығарылғандардың өзі қақаған аязда көшеде мұз үстінде бірер сағат жатып қалған. Құрбан болғандардың туыстары неге ол операциядан алдын дәрігерлік көмек мәселесі қарастырылмаған, деген өкінішті талаптарын айтады.

Болары болып, бояуы сіңіп, 129 адам жарық дүниемен қоштасқаннан кейін де улы газ жөнінде бірер түсініктеме берілмеген. - Бұл театрда 60 сағаттық тажалдан кейін адамдар аш, өте шаршаған, қажыған, таза ауаға мұқтаж болып тұрған аса қиын кезде анастетік газы жіберілді. Оны көб адам көтере алмады, деп ақталады, - денсаулық министрі Юри Шевченко.

Ал президент Путин қаза тапқандар үшін кешірім өтінгенімен, ол операция нәтижелі болды деп мақтанғандай болады.

- Біз бұл террорлық шабуылдың мақсатын, себебін түсінбедік. Неге соншама көп кісі құрбандығы болғандығына да түсініктеме берілген жоқ. Бұл апат бойынша қандай тергеу ісі жүргізілгендігі де беймәлім. Сондықтан ол қайғылы күннен бері терроршылық одан әрі үдемесе бәсеңсіген емес, - дейді, Дубровка театрындағы жанжалды шешуге мәмілегер ретінде қатысқан Яблоко партиясы жетекшісі Григорий Явлински.
XS
SM
MD
LG