Accessibility links

Мәскеудің Норд-Ост театрында өткен жылы орын алған террористік әрекетке бір жыл толды.

  • Смағұл ЕЛУБАЙ

Өткен жылы Мәскеудің Дубровка театрында орын алған 130 кісінің ажалына жеткен террористік әрекетті жұрт ұмыта бастағанымен, ол оқиға, опат болғандардың жақын-жуықтары үшін ұмытылмас қасірет еді.

Бұл әнді орындап тұрған Александр Карпов. Мәскеуде өткен жылы Дубровка театрында ол да опат болған. Шешен қарулы тобы театр толы көрермендерді кепілдікке алғанда Александр да іште болған дейді оның анасы Татьяна Карпова. Театрды қауіпсіздік күштері қоршап ішке улы газ жібергенде іште опат болған 130 кісінің бірі Татьянаның ұлы еді. Өзінің қарапайым тұрмыс-жағдайына қарамастан балам ән-салып ойын –сауықтың гулі болып жүретін сері еді дейді қаралы ана, әлгі тыңдағандарыңыз Александрдың қонақтар алдында салған әндері дейді ол. Егер, Александр тірі болса бүгінде 30 жасқа келеді екен. Енді сол ұлынан қалған белгі. Дауыстары. Содан кейін мына суреттер ғана. Айтпақшы, Александр үйленген болатын соңында 10 жасар қызы қалды дейді ана. Ана қайғылы болса да қол қусырып отырған жоқ, Норд-Ост атты үкіметтік емес ұйым құрып құрбан болғандардың отбасына жәрдем көрсетумен жүр. Ол оқиғаны ана жерде отырғандар ұмытқысы келеді дейді ол, Кремль жақты нұсқап.

"Осынша көлемдегі террористі ішке енгізіп алу әрине масқара жағдай. Сондықтан үкімет оны ұмытуға тырысады."

Өткен жылдың 23 қазанында мұздай қаруланған 50 шешен жауынгері Мәскеудің ішінде адам толы Дубровка театрын кепілдікке алғаны жалпақ жұртқа белгілі. Қарулы топ адам толы театрды үш күн ұстап тұрды. Мәскеуліктер қарулы топ кепілдерді енді босатар деп отырғанда қауіпсіздік күштері театр ғимаратына улы газ жіберді. Шешен жаунгерлерімен бірге олардан екі еседей көп бейкүнә жандар зардап шекті. Олардың арасында Татьянаның ұлы Александр да бар еді. Александр улы газдан бірден өлмеген. Оқиға аяқталғаннан кейін 8 сағаттан кейін тиісті емдеу болмағаннан кейін өлген.

"Менің баламды алып кететін жедел жәрдем болмаған. Оны таситын зембіл болмаған. Не қасында дәрігер болмаған. Оған антидод дәрісі берілмеген. Сағат 12, 30 –ға дейін ол театр сыртында ешқандай дәрігерлік жәрдем болмай жатқан да қойған."

Неге бұлай болды? Егер қауіпсіздік күштері театрға улы газ жіберетін болғанда ол газдан емдейтін антидод неге жеткізбеген? Уланған кісілер неге сыртта осынша уақыт жатып қалған? Бұл сауалдарға әлі жауап жоқ дейді Татьяна. Осы сауалдарға жауапты Норд-Ост үкіметтік емес ұйымының 200 мүшесі де әлі жауап іздеумен жүрсе керек.

"Біз үкіметке өзіміз жоғалтқан жақын-жуықтарымыз үшін небары моралдық өтем ғана сұраймыз дедік. Олар соған да көнбей отыр."

Үкімет жағынан еститініміз бұл бізден кеткен қателік емес бұл шешен террористерінің ісі деген жауап қана. Олардың қателігі болмаса 130 кісі қалай өлген? Сонда біз жауапты өліп қалған шешен террористерінен алмақбыз ба дейді Карпова ханым.

Оның айтуынша үкімет Норд-Ост құрбандарының жақын-жуықтарына материалдық та моралдық та өтемақы төлеген емес. Енді біз лажсыздан Страсбургтегі Европа сотына шағымданып отырмыз дейді.

"Өз қайғыңды өз жақын-жуықтарыңның арасына шығару, ең қиыны сол, олардың жанын ауыртқың келмейді".

"Мен кейде базарға барып, Кавказдықтарға ұқсаған біреуді көре қалсам, маған олардың бері Шешенстанды еске түсіреді. Өте ыңғайсыз күйге түсемін. Ол жерден мен тұра қашамын" , - дейді Карпова ханым.
XS
SM
MD
LG