Accessibility links

ЕҚЫҰ-ның Қазақстандағы орталығының төрағасы Антон Рупник Алматы әуежайынан ұшпақ болған жерінен шекарашылардың төлқұжат тексеруі кезінде ұстаған.


Бүгінгі хабарларға қарағанда, Қaзақстан шекара қызметінің қызметкерлері Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Қазақстандағы орталығының төрағасы Антон Рупникті 21-қазанда Алматы-Астана бағытындағы рейспен Алматы әуежайынан ұшпақ болған жерінен төлқұжат тексеруі кезінде ұстаған. Бұл туралы KZ-today тілшісіне сенімді ақпарат көзінен мәлім болды. Қазақстан шекара қызметінің мұндай жоғарғы дәрежелі дипломатты ұстау себебі әзірше беймәлім қалып отыр. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Алматыдағы орталығының баспасөз қызметіндегілер бұл оқиға туралы түсініктеме беруден бас тартуда. Оқиға туралы ақпарат Қазақстан ҰҚК шекара әскерлерінің баспасөз қызметінде нақтылану үстінде.
XS
SM
MD
LG