Accessibility links

Қырғызстанда Ресейдің әскери әуе базасы ашылды.


Бүгін Ресей президенті Владимир Путин Қырғызстандағы әскери базаны терроризмге қарсы күресте қажетті, әрі өз кезегіндегі шара –деп ресми түрде ашты. Қант әуе базасы Бішкектен 20 шақырым батысқа қарай және терроризмге қарсы күреске орай осындағы АҚШ бастаған одақтас күштер орныққан әуе базадан 40 шақырымдай жерде орналасқан. Бұл Ресей, Белорусия, Армения, Қырғызстан, Қазақстан елдері арасындағы қол қойылған аймақтық қауіпсіздік келісімі негізінде жүзеге асып отыр. Қант әуе базасына Ресей қолбасшылық ететін болады. Әскери базаның ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде Владимир Путин, бұл Орта Азияның қауіпсіздігі мен Ресейдің терроризмге қарсы күресіне айтарлықтай үлесін қосады деген. - Бұл Қырғызстанның қауіпсіздігіне кепіл болмақ. Бұл сондай-ақ, осы аймақтың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, ал бұл аймақ айтарлықтай үлкен. Және әрине, терроризммен күресте Ресей аумағында да ыңғайлы жағдай қалыптастырады - дейді Ресей президенті. Путин сонымен бірге бұл шараға қатысқан Қырғызстан президентіне алғысын білдірді. Владимир Путин одан соң, Қырғызстанда өткен ресей-қырғыз инвестициялық форумына қатысты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG