Accessibility links

Владимир Путин Қырғызстандағы ресей әскери әуе базасының ашылу салтанатына қатысты

  • Әбдіғани ЖИЕНБАЙ

Ресей президенті В.Путин сәрсенбі күні Қырғызстанға келіп, қазанның 23і күні Қант кентіндегі Ресей әскери әуе базасының ашылу салтанатында қатысты.

Ал осы кезге дейін, терроршылыққа қарсы күрес бағдарламасымен, Қырғызстанның Манас әуе алаңында АҚШтың әскери базасы ашылған болатын.

Енді бұл уақиғаларға байланысты жағдайларға орай тілшіміздің жолдаған хабарын назарларыңызға ұсынамыз.

Хабарды әуеге әзірлеген - ӘЖ

Ресей президенті Владимир Путин өзінің Азия сапарының соңғы 9-күні жұмыс сапарымен Қырғызстанға келді. Бейсенбі күні ол Бішкекке жақын маңайдағы Қант кентінде болып, Ресейдің Қырғыстандағы әскери әуе базасының ашылу салтанатына қатысты.

- Бұл әскери база Қырғызстанның қауіпсіздігіне кепіл болмақ. Сондай-ақ, база аймақтық қауіпсіздікке де өз игі ықпалын тигізіп, Ресей федерациясындағы терроршылықпен күреске қажетті жағдай жаратуы мүмкін, - деді президент Путин, бейсенбі күні, Қант әуе базасында тұрып журналистерге.

Владимир Путинмен бірге ол ресми рәсімге Ресей Қорғаныс министрі Сергей Иванов және Сыртқы істер министрі Игор Иванов қатысты.



Бұл әскери базаны ашу жөніндегі келісімге қыркүйек айының соңында Қырғызстан президенті Асқар Ақаев Мәскеу сапар кезінде қол қойған болатын. Сол күнгі қол қою рәсімінен соң Қорғаныс министрі Сергей Иванов тілшілерге Ресейдің ұлттық мүдделері жөнінде айта келе,

- Біздің Қырғызстандағы ол әскери базаны ашудан мақсатымыз - Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымындағы елдер Қазақстан, Қырғызстан,Тәжікстан, Беларусь және Арменияның да қауіпсіздігіне кепілдік беру еді. Орталық Азия тұрақты, бірақ өте күрделі аймақ. Сондықтан ол арада Ресейдің әскери базасы қажет-ақ, -

деген болатын Ресей Қорғаныс министрі.

Президент Ақаевтің пікірінше, Қырғызстанда Ресей әуе базасының ашылуы бұл тарихи уақиға. Ал, Қырғызстан Қорғаныс министрі Есен Топоев аймақтық тұрақтылыққа кесір болмақ терроршы топтардың ыстық демін басуға бұл база бірден – бір сенімді күш болмақ.

Келісім 15 жылға жасалып, одан кейін әр 5 жыл сайын ұзартылып отыруы мүмкін. Ресей Әуе күштерінің қолбасшысы Владимир Михайловтың айтуынша, Қант кентінде 500дей әскери және азаматтық қызметкер, сондай-ақ, 20 әскери, шабуылшы ұшақ, тікұшақтар орналасқан. Оларға қырғыз қарулы күштерінен 4 ұшақ қосылмақ.

Мәскеудегі Халықаралық қатынастар институтының пост сәуеттік зерттеулер орталығының директор орынбасары Артем Малгиннің айтуынша, бұл әскери базаның Орта Азия кіндігінде, Қытайға шегаралас маңайда орнатылуы өзін ақтай алады.

- Ресей Тәжікстанға өзінің 201-жаяу әскери бөлімшесін әлдеқашан орнатып қойған. Сондай-ақ, орта азиялық өзге де елдерде Ресейдің жедел қозғалыс күштері бар. Міне енді әуе күштерінің де келуі бұл саладағы аса маңызды іс-шаралардың бірі болмақ, - дейді Малгин.

Сонымен, Ресей әскери күштері қазіргі кезде Өзбекстан мен Түрікменстанда ғана жоқ.

Нью Йорктағы Халықаралық Карнеги бейбітшілік институтының профессоры Марта Брилл Олкоттың айтуынша, Ресейлік базаның Қант кентінде орналасуы АҚШтың бұрыңғы сәуеттік аймақтағы әскери шараларына өзара бәсекелестік тірлік десе де болады.

- Кезінде Қырғызстан үкіметі ол елде АҚШтың әскери базасының ашылуына қарсы болған еді. Міне енді, қауіпсіздік мәселесіне орай , АҚШты айтпағанда, Қырғызстан Ресей, сондай-ақ, Қытайға да өзара байланысты, тәуелді болып отырғандай, - дейді Марта Олкотт.

Міне енді, АҚШ пайдаланып отырған Манас әуе алаңы Ресей әскерлері тұрған Қант кентінен 30 шақырымдай ғана жерде жайғасқан.

Нью Йорктағы ЕуроАзия саяси зерттеулер тобының талдаушысы Арабелла Филимордың айтуынша,

- Соңғы айларда Орта Азия аймағында көп өзгерістер орын алды. Ресей Өзбекстан мен Қазақстанға қарай бет бұрып , АҚШтың бұл аймақтағы әсер ықпалына орай, Орталық Азия елдеріне , сіздер алдымен бізге дос, одақтас мемлекетсіздер, сондықтан АҚШпен өзара стратегиялық келісімдерге қол қоя отырып, Ресейден шеттеп кетпеулеріңіз керек, дегендей сыңай танытуда, -

дейді талдаушы.

Филимор ханымның айтуынша, ресейлік әскери қосынның Қантқа келуі аймақтық күштер тепе-теңдігіне әсер ете қоймас.

Ал, Марта Олкоттың пікірінше, Ресейдің Қырғыз елінде әскери база орнатуы АҚШ пен НАТОның ол аймақтағы артып келе жатқан беделіне кесір бола алмайды.
XS
SM
MD
LG