Accessibility links

Қазақстан жаңалықтары.


23 қазанда Қазақстан президенті Н.Назарбаев "Амангелді" газ конденсаты кенішінің бірінші кезегін іске қосып, Қазақстанның газ тасымалы жүйесіне көгілдір отын жіберілді деп хабарлайды Қазақстан тудей агенттігі Жамбыл облысынан.

23 қазанда Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының жаңа президенті болып Органикалық катализ және электроника институтының директоры Мұрат Жұрынов сайланды деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ғылым академиясының жаңа преизденті оны өткен жылдың ақпан айынан басқарып келген Серікбек Дәукеевті алмастырған.

Қазанның 23-де Гонконгта Қазақстанның Бас консулдығының ресми ашылуы болпы өтті деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Қарағанды ғалымдарының қатерлі ісік ауруларын емдеуге қолданылатын "Арглабин" препараты халықаралық дәрежеде мойындалып отыр. ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Серғазы Әдекенов басқаратын осы институттағы химия ғылымының кандидаты Арман Құлыясов таяуда тақыр жусаннан аталған дәріні жасаудың жаңа жолын тауып, АҚШ-тың "Паракьюз" кәсіпорнының грантына ие болды деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Алматыда "Алматы декларациясының" 25 жылдығына арналған Қазақстан терапевтерінің 6-шы құрылтайы аясында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының төрағасы Йонг Вук Лидің ТМД елдерінің денсаулық сақтау министрлерімен кездесуі болып өтті. "Алматы декларациясының" 25 жылдығы сондай-ақ Бразилияда, Кубада, Испанияда және басқа елдерде мереке ретінде тойлануда" деді ҚР ҰҒА-ның академигі, 1978 жылы Бүкілдүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының конференциясын Алматыда өткізуге бірден-бір ықпал еткен қайраткер Төргелді Шарманов ҚР терапевтерінің 6-шы құрылтайында деп хабарлайды ҚазАқпарат.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG