Accessibility links

БҰҰ- ы мен Ирақтың басқару кеңесі дәулетті елдерге Ирақты қайта қалпына келтіруге көмек қолын созыңдар деген өтініш жасады.


Конференцияның ашылу сәтінде сөйлеген сөзінде БҰҰ-ның Бас хатшысы Кофи Аннан да осындай тілек айтып, Ирақтың тәуелсіздігін баяды етудің нақты уақытына байланысты АҚШ пен оның атына сын айтушылардың арасындағы теке-тірес көптеген өкінішті жайларға алып келуі мүмкін еді деп атап көрсетті. - Саддамның қатал кезеңі келмеске кетсе де, Ирақ тұрғындары әлі де қылмыскерлерден қиянат көріп, кедейлік тақсіретін тартып отыр. Бірақ олар ертеңгі күнге үмітпен қарайды, сондықтан да елдерін бұрынғы қалпына келтіріп, қайта құрғылары келеді. Сол себепті де олар халықаралық қауымдастықтың көмегін қажет етеді. Ирақтың Басқару кеңесі мүшелері елдің экономикасын өркендетіп, негізгі қызметтерді қалпына келтіру үшін нақты қаржыны керек ететіндігі жөнінде айтқан. Алдағы төрт жылда Ирақтың қайта құрылуына 56 миллиард доллар жұмсалуы керек болады. Әзірге бір жарым жыл ішінде Америка жоспарлап отырған 20 миллиардқа қоса, өзге елдер береміз деп уәде еткен 2-3 миллиард көлеміндегі қаржының ғана шеті көрініп тұр. Ирақты қайта құруға көмектің нақты көлемі конференцияның бүгінгі екінші күнінде белгілі болады.
XS
SM
MD
LG