Accessibility links

Бүгін Ресей және Украина үкімет басылары кездеседі.


Мәскеу. Керч бұғазы үстінде туындаған екі ел арасындағы жанжалға орай бүгін Мәскеуде Украина үкімет басы Виктор Яниковичпен Ресей үкімет басы Михаил Касиянов кездесуде. Ресей жағы Краснодар жағалауынан Тузла аралына қарай сала бастаған дамбаны экологиялық мақсаттағы құрылыс дейді, ал, кеше Тузла аралында сөйлеген сөзінде Украина президенті Леонид Кучма Ресей осынау украин аралын иемденбек ниетте деді. Ресейдің осы аймаққа шекаралас Краснодар өлкесінің губернаторы Александр Ткачев өткен түні Тузла аралы Ресейдің бір бөлшегі деді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG