Accessibility links

Ресей мен Украинаның арасындағы теңіз дамбасы құрылысына байланысты туындаған дау-дамай Мәскеуде екі елдің премер-министрлерінің кездесуінен кейін басылғандай болды.


Ресейдің үкімет басы Михаил Касьянов құрылысшылар Ресей жағынан даулы аралға қарай жалғасқан құрылысты уақытша тоқтатады, ал Украина өз шекарашыларын бұл аймақтан алып кетуге уәде берді деп айтқан. - Бұл арада ешқандай шекара жоқ. Ол біржақты жүргізілмеуі тиіс. Ол жерде күш көрсететін әскерлердің де қажеті жоқ, бұл жауапсыздық жағдайы болды, сондықтан да біз оны тоқтата тұруға келістік, - деген Ресей премері. Алайда Украинаның үкімет жетекшісі Янукович Киевке келген соң өз өкіметінің шекарашыларды алып кету жөніндегі ұсынысты әлі де қарап, талқылайтындығын айтқан. Бұл плотина Ресейдің Краснодар облысынан Украинаның Қара теңіз бен Азов теңізін жалғастырып жатқан Тузла аралына қарай тартылмақшы болған. Касьянов пен Януквич үкіметтер алдағы бірнеше айдың ішінде туындаған проблеманы зерттеп, қарайтын сарапшылар командасын жасақтауға келісті деген.
XS
SM
MD
LG