Accessibility links

АҚШ пен Ирақтың өкілдері жәрдем беруші елдердің халықаралық конференциясында Ираққа береміз деген көмек кепілдігінің 33 миллиард долларға жеткенін жариялады.


Бұл әрине конференцияны ұйымдастырушылардың күткендегісінен көп болғанымен, БҰҰ-ы мен Әлемдік банк Ирақтың төрт жылдық қайта құрылуына қажетті деп бағалаған 56 миллиард доллардан аз екендігі анық. Ирақтың Басқару кеңесінің қазіргі төрағасы Лиад Алауи Мадридтегі қорытынды баспасөз-мәслихатында былай деді: - Бүгін бізге беріліп отырған бұл көмек біздің аяғымыздан тік тұрып кетумізіге көмектеседі. Ирақ одан әрі көмек тілемейді. Өйткені басқалардың айтуынша, біз уақытша кедейленіп қалған бай-дәулетті елміз. Біздің адамдар басын жоғары ұстап, еліміздің барлық мүмкіндіктеріне қол жеткізуге тырысады. АҚШ-ң мемлекеттік департаменмті донорлар конференциясының табысы Вашингтон күткендегіден де асып түскенін атап өткен. Департамент өкілі тілшілерге бұл қаржы мен Ирақтың мұнайынан түскен табыс екеуі қосылып, Ирақ азаматтарының әл-ауқатын жақсартып, елдің еңсесін көтеруге қызмет ететін болады деп айтқан.
XS
SM
MD
LG