Accessibility links

Ресей құрама командасы грек-рим күресі бойынша әлем кубогінің иегері

  • Мариям БЕЙСЕНҚЫЗЫ

Қазан айының 25-26 күндері Алматыда грек-рим күресі бойынша әлем кубогі өтті. Әлем кубогінің ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасы президенті Н.Назарбаев қатысты.

Ол жарыс қонақтары мен қатысушыларды, жанкүйерлерді Республика күнімен және аталған шараның ашылу салтанатымен құттықтады.

Дүниежүзілік күрес федерациясының президенті Рафаэль Мартениттиде қатысушыларға өз лебізін жеткізді. Кубоктың құрметті қонақтары Дүниежүзілік күрес федерациясының бас хатшысы Мишель Дюссон, Ресей Күрес федерациясының президенті Михаил Мамиашвили, Белорусь Күрес федерациясының президенті Александр Медведь, Ресей мемлекеттік спорт комитетінің төрағасы Вячеслав Фетисов және Олимпиадалық ойындарының бірнеше дүркін жеңімпазы Александр Карелин болды.

Алғашқы қазанның 25-сі күнгі грек-рим күресі бойынша әлем кубогінің алғашқы белдесулері барысында бірінші кездесулерде Қазақстан мен Грузия командалары жеңіске жетті.

Ал келесі күнгі белдесулер нәтижесінде жарысқа қатысушы құрама командалар бас жүлденің қай қоржынға түсетінін анықтады. Түркия, Грузия құрама командаларымен сынға түскен Ресей құрама командасы 3-4 есебімен басым түсіп, жеңісті өз пайдаларына шешті. Келесі Ресей- Америка құрама командалары кездесуінде де 7-0 есебімен жеңіске жетті. Ал Қазақстан Грузия құрама командалары кездесуінде қазақстандықтар 5-2 есебімен грузиндердіктерден басым түсті. Америка-Түркия құрама командалары кездесуінде 6-1 есебімен Түркия командасы жеңіске жеткен болатын.

Екі күнгі белдесулер нәтижесінде жеңіліс тауып көрмеген Қазақстан мен Ресей құрама командалары бас жүлде үшін ақтық бәсекеге түсті. Қазақстан намысын қорғаған қазақстандық палуан Нұрлан Қойжайғанов жақсы жетістіктерге жетті. Жалпы ақтық бәсеке нәтижесінде Ресей құрама командасы әлем кубогінің иегері атанды. Қазақстан құрама командасы екінші орын, Грузия құрама командасы үшінші орынға табан тіреді.
XS
SM
MD
LG