Accessibility links

Бүгін Қарағанды өлкесіне сапары барысында Қазақстан елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Балқаштағы қалайы шығарушы заводтың ашылуы мен күкірт диоксидін тазалаушы технология жұмысын өз көзімен көрді.


Завод басшысы Серік Садықов елбасыға бұндай завод тек Канада мен Қазақстанда ғана бар екендігіне тоқталды,-деп хабарлайды Қазақстан Тудей.Завод 23 гектар жерді алып жатқанымен онда бірде бір түтін шығарушы мұржа жоқ. Садықовтың айтуынша, 2004-ші жылы 40 мың тонна қалайы тақтайшалары шығарылады. Завод өз күшіне 2006-шы жылы енеді. Заводта 800 жұмыс орнын құру жоспарланған. Сондай-ақ елбасы Балқаш тау-металлургия комбинатының "Қазақмыс" Акционерлік Қоғамының аға басқарушысы Руслан Юнмен күкірт диогсиді газынан ауаны тазалау технологиясының барысымен танысты. Бұл қондырғының Қазақстаның ең экологиялық ауыр жағдай қалыптасқан қалаларының бірі - Балқашты улы түтіннен арылтуындағы маңызы зор. Жылына әрбір балқаштыққа 500 мың тонна улы зат келсе, соның басым бөлігін күкірт диоксиді құрайды. Қолданылатын технология күкіртті газдың 7 пайызын залалсыздандырады. Ауаға шығатын газдарды тазалау 90-93 пайызға жетпек. Барлық қондырғыны 2005-ші жылы іске қосу жоспарланса, басты сүзгілер келесі жылдың наурызында іске қосылуы тиіс.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG