Accessibility links

Қазанның 27-де Батыс Қазақстан облысында Шотландияның Абердин қаласының делегациясы болды.


Лорд-провост Джон Рейнольде бастаған Абердин қаласының өкілдері түске дейін Қарашығанақ кенішінде болды. Одан кейін Орал қаласының кәсіпкерлерімен жүздесті. Батыс Қазақстан облысы мен Абердин қаласы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды. Бұл қарым-қатынас жарты жыл сайын делегациялардың кездесуі арқылы нығая түспек. Абердин Ұлыбританияның мұнай астанасы болып есептеледі. Сондықтан Қазақстандағы мұнайлы өлкелердің онымен байланыс жасауының маңызы зор. Осыған дейін Атырау қаласында болған абердиндіктер қазанның 28-інде Ақтауға аттанады,-деп хабарлайды ҚазАқпарат.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG