Accessibility links

Алматы облысында өрт салдарынан мал шығынға ұшырады.


Бұл туралы Kazakhstan today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады. Өрт Талғар ауданы Бесқайнар ауылында шыққан. Мұнда бір жеке үйдің ауласында 105 шаршы метр алқапты иемденетін сарай өртенген. Оқыс оқиғаның кесірінен 5 текше метр отын мен бір тонна көмір де отқа жанып кетті. Өрт үш сағаттан кейін өшірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметінің 4 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.
XS
SM
MD
LG