Accessibility links

Қазаның 27-нен бастап Қазақстан сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаевтың Британияға сапары басталды.


Бұл сапардың мақсаты келесі жылдың бірінші жартысына жоспарланған екі елдің жоғарғы дәрежелі басқосуына дайындық шаралары. Тоқаев елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдауын Британия үкіметбасы Тони Блэрге тапсырады. Сондай-ақ ол Сыртқы істер министрі Стромен және консерваторлардың серкесі Анкраммен, Кент патшазадасымен, британдық парламент мүшелерімен кездеседі. Бұған қоса Патшалық Халықаралық қатынастар институтында Қасымжомарт Кемелұлы Қазақстаның сыртқы саясаты туралы баяндама жасайды,-деп Сыртқы істер министрлігінің ақпарат және талдау бөлімі Қазақстан тудейге хабарлаған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG