Accessibility links

Ресейдің Ростов өлкесінің су басып қалған “Западная” шахтасында 5 тәуліктен бері жер бетіне шығалмай отырған 13 кеншіге бүгін құтқарушылар қол ұшын береді деген үміт бар.


Құтқарушылар көршілес шахтадан кеншілер болуы мүмкін деген тұстан үңгіме қазып жатыр. Жерасты суы толасыз ағыуын тоқтатқан жоқ. Егер оны тоқтату мүмкін болмаса онда құтқарушылардың барлық жерасты қалтарыстарын қарап шығуларына 20 сағаттай уақыт қалады.Жерасты сулары бейсенбі күні шахтаға құйыла бастады. Жеті қат жер астында бітеліп қалған 46 кеншінің 33-і сенбі күні жер бетіне шығарылды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG