Accessibility links

Қостанайдағы алғашқы көктайғақ адам өліміне апарып соққан ірі жол апатына себепкер болды


Қостанай өлкесі аумағында күн райының біршама суытуына байланысты жолдарда көктайғақ пайда болып, соның кесірінен ірі жол апаты болды. Апат салдарынан үш адам қаза тауып, тағы да жеті адам ауыр жараланды,- деп хабарлайды Kazakhstan today тілшісі. Жол сақшыларының мәліметіне сәйкес, соңғы үш күнде Қостанайда көктайғақ салдарынан 29 жол апаты тіркелген. Сондай-ақ, Қостанай қалалық ауруханасының жарақат бөлімінің меңгерушісі Марал Әбілқасымовтың Kazakhstan today тілшісіне хабарлауынша, өткен демалыс күндері және 28 қазан, сейсенбіде зардап шеккен 150 адам аурухананың көмегіне жүгінген. Күн райын бақылаушылардың болжамына сәйкес, көктайғақ қаупі осы апта бойы сақталады. 31 қазанда Қостанай аймағы аумағында ауаның температурасы -11 градусқа дейін төмендеп, жел соғып, қар жауады деген болжам бар.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG