Accessibility links

Ресейдің Ростов өлкесіндегі су басқан " Западная" шахтасында 6 күн бойы жер астында болған 11 кеншіні құтқарушылар жер бетіне шығарды.


Бір кеншінің мәйіті табылды. Тағы бір кеншінің тағдыры белгісіз, құтқарушылар оны іздеп жүр. Табылған кеншілердің екеуінің халі тым мүшкіл күйде. Кеншілердің бәрі емханаға жеткізілген. "Западная" шахтасының жартысын бейсенбі күні су басып кетті. Сенбі күні 33 кенші жер бетіне шығарылды.

Ал Ресейдің Қиыр шығысындағы Партизанск қаласының " Центральная" шахтасындағы метан газының жарылуынан 5 кенші опат болды. Бірнеше кенші ауыр жараланды. Шахтада болған 70 кенші шұғыл түрде жер бетіне шығарылған. "Центральная" шахтасы Ресейдегі ең қауіпті шахталардың қатарына жатады, мамандар оны пайдалануға қарсылық білдірген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG