Accessibility links

Юкос мұнай компаниясы басшысының тұтқынға алынуы Ресейдегі қаржы базарына соққы болып тиді

  • Әбдіғани ЖИЕНБАЙ

Соңғы бір тәулікте ғана Ресей базарындағы пайлар 13 пайызға дейін төмендегендіктен шетелдік инвесторлар да ойланып қалғандай. Ал, ең сорақысы, әзірше бұл тұтқындаудың арты немен тынарын ешкім де білмейді.

Ресей президенті Владимир Путин өзінің бизнесмендермен дүйсенбі күнгі кездесуін, Ходорковскийге байланысты дау-дамайды тоқтатыңдар, деген ескертумен бастады.

Юкос мұнай компаниясының басшысы Михаил Ходорковский тұтқындалғаннан кейінгі бір тәулік ішінде қаржы базарында орыс рублінің құны бірден өзгеріске түсті. Мұндай қаржылық дағдарысқа Ресей 1998 жылдан бері кездеспеген болатын дейді талдаушылар.

Көпшілік, Ходорковскидің тұтқындалуының заңнан тыс саяси астары бар, дегенімен, шетелдік инвесторлар бәрібір қатты ойланып қалғандай. Атон инвестициялық қорынан талдаушы Алексей Воробьевтың айтуынша, Юкос компаниясының жағдайы 1998 жылғы дағдарыстан біраз өзгешелеу.

- Рас, бір шама уақыт базардағы нарық төмендеуі мүмкін. Бірақ, бұл уақтынша психологиялық жағдай. Бұл - шағын саяси дағдарыс. Мұндай нәрсе қаржы алпауыттарында болып тұрады, - дейді талдаушы.

Мәскеу биржа қорындағы бір күндік шығын 14 млд 500 миллиондай болды. Мұның 17 пайызы Юкос компаниясының акциялық үлес кесірінен дейді мамандар.

Швейцариялық қаржыгер Хайнс Рофелидің айтуынша , 1998 жылғы жағдай деңгейіне жақындаған кезде, осыдан үш ай бұрын Юкостың акциясы сатылып кеткен.

– Дүйсенбі күнгі нарықтық жағдай әлдеқашан болған базар қубылысына шамалы ғана өзгеріс енгізді. Сондықтан алдағы екі-үш айда базар ахуалы түзеліп кетер дегенге сенбеймін, - дейді Рофели.

Хайнс Рофелидің айтуынша, Ходорковский тұтқындалған кезде ол инвесторлардың шағдайы өте нашар болар деп ойлаған. Үкіметтің экономика мәселесіне күтпеген жерден араласуы бұл жақсы нәрседен хабар бермейді.

- Алғаш мен Ходорковскийдің не істесе де ақшасы жетеді деп ойлаған едім. Бірақ олай болмай шықты. Міне енді оған үкімет өз қалағанын істетпек, - дейді Рофели.

Ал бұл арада президент Путин өз бизнесіне алаңдай бастаған инвесторларға 1990 жылғы жекешелендіруде болған келеңсіздіктерге орай, барлық нәрсе қайта қаралады деп қорықпаңыздар, дегендей басу айтқан.

Дегенмен Воробьевтің айтуынша: - Ресей экономикасына инвестиция салу мәселесіндегі саяси қауіп ұлғая түскен. Бірақ үкімет қолына Библия ұстап тұрып, олай болмайды, деп ант ішеді.

Бірақ барлық жағдай үкіметттің бизнесмендер мен компанияларға қарсы жасауы мүмкін қысым, қудалауына байланысты, - дейді Воробьев.

Міне енді, егер Ходорковский қаржы талан-тараж етуде айыпталса, онда оның бар заты тәркіленуі мүмкін. Оның ішінде Юкос компаниясындағы акциясы да бар.

Ал, бұл арада адвокат Антон Дрелдің айтуынша:

– Ходорковскийдің көңіл- күйі жаман емес. Ол ештемеге шағымданбаған. Ол жеке камерада отыр.
XS
SM
MD
LG