Accessibility links

"Заңды өрескел бұзып отырған - үкіметтің өзі"

  • Жұмагүл ТЕМİРҒАЛИ

Заң алдында бәрі бірдей. Бірақ сол заңды Үкіметтің өзі өрескел бұзып отыр. Өйткені, заң күшіне енген сот шешімі орындалмай келеді,-деп мәлімдеді қазанның 29-ы күні Парламент Мәжілісінің депутаты Жазбек Әбдиев Үкімет басшысы Даниал Ахметовке жолдаған кезекті сауалында.


Жазбек Әбдиевтің айтуынша, 1986-шы жылы желтоқсан оқиғасына қатысып, зардап шеккен екі азаматқа моральдық шығынды өндіріп беру туралы шығарылған сот шешімі әлі күнге шешімін таппай отыр. Моральдық шығынды ала алмаған азаматтар Мәжіліс депутатына арызданып, көмек сұраған.

- 1986 жылы желтоқсан оқиғасы бойынша Жамбыл облысының Тараз қаласының тұрғындары Қайырбеков пен Әбілқайыровтың сотқа берген істеріне қатысты сот шешімі шығарылып, ол заң күшіне енді. Іс Жоғарғы сотқа дейін барған. Жоғарғы сот азаматтардың біріне 9 миллион теңге, екіншісіне 10 миллион теңге зиян мөлшерінде мемлекеттен өндіріп беру туралы шешімді бекітті. Екі жылға жақындап қалды. Әлі сот шешімі орындалмауда. Кезінде түрмеге заңсыз қамады, екі жарым-үш жыл ұстады. Талай адамдар отбасыларынан, оқудан айырылды. Үкімет әрқашан өз ақшасын үнемдегісі келеді. Заңды өрескел бұзып отырған үкіметтің өзі.

Жазбек Әбдиевтің айтуынша, сот шешімін орындауға қарсылық білдіріп жүрген жергілікті мекемелер Жоғарғы сотқа тағы да арыз береміз,-деп Үкіметтің қарызын мойындамай отыр. Депутат мұндай мысалдардың аз еместігін айтады.
XS
SM
MD
LG