Accessibility links

Азаматтық париясы өкілдері мәслихат депутаттарын сайлау қорытындысы туралы пікірін жариялады


Жуырда ғана соңғы нәтижелері белгілі болған жергілікті мәслихат депутаттарын сайлау шарасына түрлі саяси қоғамдық құрылымдармен қатар Азаматтық партиясы да өз өкілдерін ұсынғаны белгілі.

Көптеген сын-ескертпелерге қарамастан бұл жолғы сайлаудың өте тартысты өткендігі дау тудырмаса керек. Оған кейбір сайлау учаскелерінде тіркелген үміткерлер саны 15-ке дейін жеткені дәлел.

Қазақстанның Азаматтық партиясы 29 қазанда Алматыда республикадағы жергілікті мәслихат сайлауының қорытындыларын хабарлады. Облыстық,қалалық,аудандық мәслихат сайлауына Азаматтық партия атынан 700-дей кандидат тіркелген. Сайлау қорытындысы бойынша 378 адам депутат атанды. Бұл хөнінде Азаматтық партиясының төрағасы Азат Перуашев «Азаттық» радиосына айтып өтті.

Оның айтуынша, 1999 жылғы жергілікті мәслихат сайлауына Азаматтық партиядан 129 адам депутат болып сайланса, осы жолы жергілікті мәслихат депутаттары үш есе өскен. Осы партия атынан сайланған жергілікті депутаттардың басым көпшілігі облыстық, қалалық мәслихаттарда болса, бұл жолы аудандық мәслихаттарға сайланған барлық депутаттардың тең жартысына жуығын / 48 проц./ құрап отыр.
XS
SM
MD
LG