Accessibility links

АҚШ Ирандағы ядролық қару дағдарысы мәселесін шешуді Халықаралық қару бақылау қауымына қалдыра ала ма?


Иран қазанның 31-і, жұмаға дейін өзіндегі ықтималды ядролық қару бағдарламасы жөнінде есеп беруі тиіс.

Дегенмен, Ирандағы күдікті ядролық қарулардың бар немесе жоқ екендігі жөніндегі дауды енді БҰҰ-ндағы Халықаралық aтом қуаты агенттігі ғана шеше алуы мүмкін.
Бірақ АҚШ бұл мәселені түгелдей Халықаралық қару бақылау қауымдастығына беруге онша ынталы емес.

АҚШ-тың Ирандағы күдікті ядролық қарулар бағдарламасы жөніндегі қазіргі дау-дамайы Саддам Хұсейн тақтан құлатылғанға дейінгі Ирақтағы жаппай қырғын қарулар дағдарысы төңірегінде болған аласапыранды еске салады дейді талдаушылар.

Қазір де, АҚШ егер талапқа көнбесе, Иранға қарсы әуе соққысын беру керек десе, Ирандағы ықтималды ядролық қарулар мәселесін халықаралық қауымдастық, БҰҰ атом қуаты агенттігімен бірлесе отырып шешкен жөн дейді. Сондай-ақ, Вашингтон Техранмен тікелей келіссөздерге отыруы қажет деген ұсыныстар да бар.

Дегенмен, көпшілік көзқарас бойынша, Ирандағы ядролық қару бағдарламасы АҚШ қауіпсіздігіне қауіп төндіреді, сондықтан бірер түбегейлі шешім қажет екен.

Қару-жарақты бақылау бойынша сарапшылардың болжамы бойынша, Ирандағы жаңа технологиялық даму үдерісіне қарағанда, Иран алдағы 7-10 жыл ішінде ядролық бомба жасап шығару мүмкіндігіне ие болады.

Тіптен кейбір талдаушылар 2006 жылға барып, Иран Ядролық қаруларды таратпау шартынан шығуы да мүмкін. Ондай жағдайда Иран қаласа, бірер аптада қалаған мөлшерде қару-жарақ өндіре алады дейді сарапшылар.

Ал бірақ бірқатар талдаушылардың пікірінше, Ирақтағы ядролық дағдарысты күшпен шешуге бола қоймас.

Калифорниядағы Қару-жарақ зерттеу орталығының маманы Фред Уелиңнің айтуынша, Ирандағы Бушехр қаласы маңайында Ресейдің көмегімен салынып жатқан ядролық станса бар. Ол жерге қажетті уран да Ресейден келеді. Бұл станса электр қуатын шығарады дегенімен, ол жерде ядролық бомба да жасалуы мүмкін деген күдік және бар.

- Бушехрдің ешқандай әскери бағдарламамен қатысы жоқ. Себебі бұл стансаға келетін және сыртқа шығарылатын жанар-жағармай міндетті түрде Халықаралық атом қуаты агенттігі бақылаунда болады, – дейді сарапшы.

Ал өзге сарапшылар Ирандағы ядролық қарулар ондай стансаларда емес, 2 жыл бұрын табылған Натанс сықылды уранға бай жерлерде аса құпия жағдайда жасалуы мүмкін дейді.

Қалай болғанда да, Буш әкімшілігі Ресейді Ирандағы ядролық стансалар құру бағдарламасынан кері тартуға әрекеттеніп –ақ келеді.

Вашингтондағы Халықаралық стратегиялық зерттеулер ортылығынан Роберт Айнхорнның айтуынша, егер Иран өз уранын бейбіт мақсаттарда қолданса, онда АҚШ Ресейдің Иранға берер көмегіне қарсы болмағаны жөн. Себебі,

- Ресейдің өз коммерциялық мақсат- мүдделері бар, - дейді Роберт Айнхорн

Бірақ сарапшының айтуынша, ондай ынтымақтастық ұсыныстың арқасында Ресей Батыспен де кең көлемді ядролық коммерциялық байланысқа кіруі мүмкін екен.

Ондай тиімді бизнесс кезінде, АҚШ Оңтүстік Корея мен Тайванға реакторлық жаңылғы берген кезде, орын алған болатын дейді Айнхорн.

- Иран шағын шығынмен көптеу электр қуатын алуды қалайды. Сондай-ақ, Иран өз жанар-жағармайына ие болғысы келеді. Сонда ғана, ядролық қаруларды шығаруға қажетті материалдарды жасау мүмкіндігіне ие болар еді, - дейді сарапшы.

Бұл арада АҚШтың қару-жарақ бақылау сарапшылары Вашингтоннан, Иранға беріліп келе жатқан пәкістандық күдікті уран технолгиясына тиым салуды талап етеді. Дегенмен, Ирандағы күдікті қаруларға байланысты өзге де өзекті мәселелер әлі талай зерттеулерге арқау болмақ дейді талдаушылар.
XS
SM
MD
LG