Accessibility links

Қазақстандық спортшы Ольга Довгун жаңа әлемдік рекорд жасады.


Бұл туралы Kazakhstan today тілшісіне Шымкент қалалық спорт және туризм департаментінен хабарлады. Үндістанның Хайдарабад қаласында өтіп жатқан бірінші Африка және Азия ойындар барысында пневматикалық бесатардан атудан Ольга Довгун жаңа әлемдік рекорд жасады. Ең жоғарғы шегі 600 ұпай ретінде белгіленген сайыста ол 60 оқпен 600 ұпай жинап, бұған дейінгі әлемдік рекордтан 3 ұпай асырды. Шымкентік мерген - еңбек сіңірген спорт мастері әрі әлемдік рекорд иегері. Ол 2004 жылы Афиныда өтетін Олимпиада ойындарына қазірдің өзінде лицензия алып үлгерген.
XS
SM
MD
LG