Accessibility links

1999-2003 жылдар аралығында шетелдік азаматтар елімізден 3127 баланы алып кеткен.


Бұл туралы бүгін, Астанада ҚР бас прокуратурасы коллегиясының отырысында аталмыш мекеменің мемлекеттік органдардағы заңдылықтың сақталуын қадағалау департаментінің бастығы Андрей Кравченко хабарлады. Оның айтуынша, "Шетелдік азаматтардың қазақстандық балаларды асырап алу ағымы арта түсті. Бүгінде еліміздегі әрбір төртінші баланы шетелдіктер асырап алуда". Бас прокуратураның мәліметіне сәйкес, қазіргі таңда Қазақстан аумағында бала асырап алуды кәсіпке айналдырған шетелдік компаниялардың 28 өкілдігі емін-еркін жұмыс істейді, олардың орташа қызмет құны 20-50 мың доллар көлемінде. "Алайда бұл қаржыдан мемлекеттің салық қоржынына бір тиын да түспейді",- деді А.Кравченко. Бала сатудан түскен қаржы кімдердің қалтасына түсуде. Бас прокуратураның мәліметіне жүгінсек, қазіргі таңда тек АҚШ –та ғана Қазақстаннан асырап алынған 2526 бала бар көрінеді,-деп хабарлайды Kazakhstan today.
XS
SM
MD
LG