Accessibility links

Қазақстан мен НАТО: аймақтық қауіпсіздік үшін жасалған қадамдар

  • Саясат БЕЙİСБАЙ

30-31 қазан аралығында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің халықаралық қатынастар факультеті ғылыми-тәжірибелік конференция өткізуде.

30-31 қазан аралығында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің халықаралық қатынастар факультеті НАТО-ның қоғамдық байланыс департаментімен бірлесе отырып, «НАТО және Орталық Азия: аймақтық және ұлттық қауіпсіздік пен стратегиялық серіктестік» тақырыбына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізуде.

Бұл басқосуда қаралып отырған мәселелердің өзектілігі НАТО-ның шығысқа қарай кеңеюі мен АҚШ және Ұлыбританияның Ауғанстан мен Ирактағы антитеррорлық кампаниялармен және халықаралық қатнастардың жетекші қатысушыларының халықаралық терроризммен күресу жолында Орталық Азияда ұзақ мерзімді стратегиялық қатысумен, Еуропа құрылығында және Орталық Азияға жақын аймақтағы түбегейлі әскери-саяси өзгерістермен түсіндіріледі. Обьективті шындық ретінде НАТО-ның Ауғанстандағы жағдайды реттеу процесіне тартылуы және осыған байланысты альянстың жасаған Орталық Азия елдерімен жақындасу қадамдарын келтіруге болады.

Конференцияның өткізілуі Қазақстан мен НАТО-ның халықаралық және аймақтық қауіпсіздік саласындағы өзекті сыртқы саяси мәселелерді шешуде нақты түсіністік пен сараптауға ықпал етпек. Басқосуда: -ғаламдану және мемлекеттердің өзара тәуелділігінің өсуі жағдайындағы халықаралық және аймақтық қауіпсіздік үлгілері; -қауіпсіздік саласындағы АҚШ пен Еуропаның трансатлантикалық ынтымақтастығы - Орталық Азия үшін тәжірибесі; -халықаралық терроршылдықпен күрес, Орталық Азия қауіпсіздігіндегі жаңа міндеттер; -НАТО мен Орталық Азия елдері ынтымақтастығының ықтимал бағыттары және перспективалары секілді шаралар қарастырылуда.
XS
SM
MD
LG