Accessibility links

Қазақстанда тұңғыш виртуалды университет ашылды


Қазақстанда тұңғыш виртуалды университет пайда болды, деп хабарлайды "Қазақпарат" агенттігі 30 қазан күні. Интернет арқылы жоғары білімді алу мүмкіншілігін Шығыс Қазақстан мемлекеттік Техникалық университет қалыптастырды. "Білім алу порталы" деген жоба арқылы оқушылар баршаға ортақ білім жүйесіне шыға алады. Суденттер сондай ақ интернет арқылы емтихан тапсыра алады, теле және бейнеконференция арқылы мұғалімнен кеңес ала алады. Университет басшылары Қазақстан білім саласында жаңа парақ аштық деп мақтан айтып отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG