Accessibility links

Ауғанстандағы жағдайды Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің миссиясы зерттейді


Жексенбі күні келетін миссияны Германия елшісі Гюнтер Плюгер басқарады. Мақсат – Ауғанстанда сайлау өткізу мүмкіншіліктерін қарастыру. Германия Құндыз қаласында бітімгершілік жасағын қоныстандырып жатыр, онда 450 сақшы бар. Бұл Ауғанстандағы қауіпсіздік шараларын қарамағына алған НАТО одағына тәжирибе болмақ. Бітімгершілік қызмет АҚШ бастаған одақтастарға емес, НАТО ұйымына тапсырылған.
XS
SM
MD
LG