Accessibility links

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бағдадтан қызметкерлерін уақытша қайтарады


АҚШ қорғаныс министрі Дональд Рамсфельд Бағдадта жиілеп кеткен шабуылдар терроризмге қарсы күресте батылдыққа шақырады деді. "Террористерді не қолға түсіру керек, не атып өлтіру керек", деп сипаттады Дональд Рамсфельд. Біріккен Ұлттар Ұйымы Бағдадтан қызметкерлерін уақытша қайтаратынын айтты. Бұған жексенбі күні олардың қонақ үйіне жасалған шабуыл түрткі болды. Кеше кешкісін Бағдадтың ескі ауданында жеке жағдайда газ канистрасы жарылып, өрт шықты. Кемінде бір адам қаза тапты. Кеше Фәллуджа қаласының маңында жүк пойызына бомба қойылды. Адам шығыны болған жоқ.

AzattyqTV

30 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG