Accessibility links

“ЮКОС” мұнай компаниясының төңірегінде дау дамай өршіге түсті


Ресей бас прокуратурасы қарапайым акциялардың 44 процентіне тоқтау жариялады. Бұл акциялар компания басшысы, қылмыстық айыптар бойынша тергеліп жатқан Михаил Ходорковскийге тиесілі деп біледі бас прокуратура. Компания болса бұл акциялар Ходорковскийге қатысы жоқ шетелдік тұлғалардың меншігі дейді. "ЮКОС" компаниясының акциялары тұтқындалды деген хабардан соң олардың құны қолма қол 14 процентке төмендеді. Президент Владимир Путин кеше кешкісін шетелдік компаниялардың өкілдерімен кездесіп, "ЮКОС-тың" төңірегіндегі жағдай инвестициялық ахуалға теріс әсер етпейді деп сендірді.
XS
SM
MD
LG