Accessibility links

Астанада Қазақстан кәсіпкерлерінің 11-ші Форумы ашылды.


Бүгін Астанада Қазақстан кәсіпкерлерінің 11-ші Форумы ашылды деп хабарлдайды ҚазАқпарат агенттігі. Форумда сөйлеген Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан кәсіпкерлерінің алдында тұрған жақын арада өз шешімін табуға тиіс 11 мәселені атап көрсеткен. Бұлар негізінен мемлекеттік органдардың жеке меншікке деген көзқарасын өзгертуге арналған. Сондай-ақ Қазақстан президенті Форумда Қазақстанға 2004 жылы көшіп келетін оралман отбасыларының квотасын 10 мыңға көтеретін жарлыққа қол қойғанын мәлімдеді. "Бұл 40 мыңдай оралман Қазақстанға оралады деген сөз" деді ел басы. Ол сондай-ақ болашақта Қазақстанға көшіп келушілер санының одан әрмен өсетінін, сондықтан да көші-қон, азаматтық алу жөніндегі заңдарға шұғыл көңіл бөлу қажет екенін айтты.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG