Accessibility links

Халықаралық «POWER KAZAKHSTAN – 2003» конференциясы мен көрмесі».


Алматыда қараша айының 4-5 күндері 2-ші халықаралық «POWER KAZAKHSTAN – 2003» конференциясы мен көрмесі өтеді.

Алматыда қараша айының 4-5 күндері ҚР Энергетика және минералды қорлар министрлігінің, «Kegog» электр жүйелерін басқару компаниясының және Қазақстандық электр энергетикалық ассоциациясының қолдауымен энергетика саласы бойынша 2-ші халықаралық «POWER KAZAKHSTAN – 2003» конференциясы мен көрмесі өтеді.

Аталған көрменің негізгі мақсаты – Қазақстанның электр рыногының мүмкіндіктерін ашу және дамыту, энергетика саласында жақын мемлекеттермен ынтымақтастықты тереңдету, энергетика саласына инвестиция тарту, - дейді «Kegog» электр жүйелерін басқару компаниясының вице-президенті Есберген Әбітаев.

«POWER KAZAKHSTAN – 2003» конференциясы аясында ҚР жылу және электр қуаты саласын жаңарту, альтернативтік энергетика және қуат үнемдеу технологияларын ҚР өнеркәсібінде пайдалану тәжірибесі, Қазақстанның энергетикалық кешенінің қазіргі жағдайы мен даму перспективалары, гидро энергетика, жылу энергетикасы, электр қуаты, электр қуаты саласының нормативті-техникалық заңдары, энергетика кәсіпорындарында негізгі қорларды жаңарту және қайта жандандыру, энергетика кешеніндегі инвестициялық саясат, қуат үнемдеу саласындағы жаңа жасалымдар Қазақстан электр қуатын бөлшектеп сату мәселелері талқыланады.

Аталған көрме мен конференцияның екінші күнінде мамандар үшін арнайы «POWER Еurasia –2003» атты дөңгелек үстел отырысы өтеді. Дөңгелек үстелдің мақсаты - энергетикалық жабдық өндірушілер мен тұтынушылардың, мамандардың өзара пікір алысуларына ұйытқы болу, Қазақстан және әлем қауымдастығы арасындағы энергетикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелері сөз болады.
XS
SM
MD
LG