Accessibility links

Дүйсенбі күні Ирақ астанасында, АҚШ әкімшілігі маңайында, тағы да бір неше күшті бомбы жарылысы болды.


Нажаф қаласына жақын жерде Саддам Хусейн режимі кезінде басшылық қызметінде болған ресми адамдарды тергеумен айналысқан сотты атып өлтірген. Шииттердің қасиетті қаласы Кербалаға зиярат ету үшін келетін азаматтар түнейтін қонақүй алдында бір бомбы жарылған. Ол арада 3 адам қаза тапқан. Сондай-ақ, Киркукте болған жарылыстан бір мұнай құбыры тесілген. Ал бұл арада, АҚШ президенті Дж.Буш ондай шабуылдарға қарамай АҚШ өз алған бетінен қайтпайды, деген сөз айтты.

- Ирақтағы душпандар Америка кері қашады деп ойласа керек. Міне сондай ой-мақсатпен, олар кінәсіз азаматтарды, құтқару тобындағыларды, одақтас күштердегі әскерелерді өлтіруді іске асыруда. Бірақ американдықтар енді кейін шегінбейді. Америка өз қауіпсіздігін сақтау үшін бар шарадан пайдаланады, - дейді президент Буш.

Ал Лондоннан тұрып, Британия бас министрі Тони Блэр, одақтас күштер Ирақты қайтау құру ісін соңына дейін жеткізеді. Сондықтан, соңғы тәуліктердегі апатты жағдай біздің жоспарымызға кедергі бола алмайды, деген.
XS
SM
MD
LG