Accessibility links

Алтынбек Сәрсенбаев “Ақжол” партиясының тең төрағасы болып шыға келуі мүмкін.


Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және Өкілетті елшісі,сондай-ақ Армениядағы және Финляндиядағы елшісі қызметін бірге атқарған Алтынбек Сәрсенбаев Қазақстан Президентінің Жарлығымен елшілік қызметінен босатылды. Бұл жайында қарашаның 4-іде Қазақстан президентінің бапасөз қызметі хабарлады. Осы мәселеге байланысты Қазақстанның сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаевтың пікірін білген едік.

“Менің біліуімше Алтынбек Сәрсенбаев өзі осы қызметінен кететіні жөнініде арыз жазып, Президент бұл арызды қабылдап қол қойды. Сондықтанда бұл жерде ешқандайда дау, мәселе жоқ”.

Ал Парламент Мәжілісінің депутаты Төлен Тоқтасыновтың айтуынша, “Алтынбек Сәрсенбаевтің елшілік қызметінен босатылуына оның осыдан екі апта бұрын “Время” газетіне берген сұхбаты және Үкімет басшысы Даниал Ахметовпен тіл табыса алмауы себеп болып отыр”.

“Себеп белгілі. Ол осыдан екі апта бұрын “Время” газетіне сұхбат беріп, онда ол 2001 жылдың қараша айында болған оқиғаларға тікелей қатынасым бар деді. “Сайлау туралы”заң жобасы, “БАҚ туралы” заң жобасы бойынша Алтынбек “Ақжол”партиясының ұсынған ұсынысы дұрыс деді. Екінші мәселе, Даниал Ахметовпен тіл табысқан жоқ ол. Даниал Ахметов Үкімет басшысы болып тағайындалған кезде, ең бірінші сапары Ресейге болған. Ресейде Қазақстан өндірісінң көрмесін ашқанда Ресей Үкіметінің бірде- бір өкілі келмеген. Тек қала әкімінің орынбасары ғана келген. Меніңше осыған байланысты”.

Депутат Тоқтасыновтың болжауынша, Сәрсенбаев “Ақжол” партиясының тең төрағасы болып шыға келуі де мүмкін.

“Оның “Ақжолға”жақындығы бар. Мен ойлаймын алдағы қарашның 9-ы күні өтетін “Ақжолдың” съезінде Алтынбек Сәрсенбаев “Ақжол”партиясының тең төрағасы болып шыға келеді деп”.

Бұрынғы елші Алтынбек Сәрсенбаевтің нақты қандай қызметті атқаратыны жөнінде әзірге ақпарат жоқ.

Оппозиция қатары тағы бір адамға көбейді ме?......


Гүлмира Хамза

Қазақстандағы бақылаушылар Алтынбек Сәрсенбаевтың мемлекеттік қызметтен кетуін, оның оппозицияға кетуімен байланыстырады. Әзірге Алтынбек Сәрсенбаев сұхбат беруден бас тартып отыр. Алайда бүгіннің өзінде республикадағы оппозициялық бағыттағы саясаткерлер бұл оқиғадан кейін, оппозиция күшеюі мүмкін, дегенді айтып отыр. Саясаткер Сейдахмет Құттықадамның ойынша, Қазақстандағы оппозиция біріксе, онда халықтың жағдайы жақсаруы мүмкін.

Сейдахмет Құттықадам, саясаткер: - Мәскеудегі елшіміз Алтынбек Сәрсенбаевтың қызметтен кеткені жай нәрсе емес, бұл бір өзгерістің белгісі. Себебі Алтынбек Сәрсенбаев президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ең сенімді адамдарының бірі болған. Осыны ескере отырып, бұл биліктің бөліне бастағаны деп айтуға болады. Алтынбек Сәрсенбаев негізінен мемлекетшіл азамат, Алтынбек Сәрсенбаев оппозицияны күшейтуі мүмкін, егер оппозиция күшейсе, онда біз Алтынбек Сәрсенбаевқа рахмет айтамыз. Бірақ Алтынбек Сәрсенбаевтың бұл қадамы қалай аяқталарын біз білмейміз, себебі Алтынбек Сәрсенбаевтың алдында биліктен Әкежан Қажыгелдин, Балташ Тұрсынбаев сияқты тұлғалар кеткен.

Алтынбек Сәрсенбаевтың қызметтен кетуі Қазақстанның Республикалық халық партиясының атқару комитетінің жетекшісі Әміржан Қосановты басқа ойға әкеліп отыр. Яғни, Әміржан Қосановтың пікірінше, мемлекеттегі демократиялық процесстерді жеделдету керек деген ойды мемлекеттік қызметте жүрген азаматтар және күллі халық қолдай бастады деген ойға жетелейді.

Әміржан Қосанов, Қазақстанның Республикалық халық партиясының атқару комитетінің жетекшісі: - Бұл, әрине, президент Нұрсұлтан Назарбаевтың құзырындағы мәселе, сол себептен Алтынбек Сәрсенбаевтың қызметтен не себептен кеткенін, біріншіден, Құдай, екіншіден, Нұрсұлтан Назарбаев біледі.Ал саяси тұрғыдан алатын болсақ, осыдан екі апта бұрын Алтынбек Сәрсенбаевтың «Время» газетіне берген сұхбатын оқыдым, сонда Алтынбек Сәрсенбаев демократиялық құндылықты қолдайтын тұлға ретінде көрінді. Сол сұхбатта Алтынбек Сәрсенбаев, мемлекеттік қызметте бола тұрып, Қазақстандағы билік мұрагерлік әдіспен ауысуы мүмкін емес дегенді айтқан. Мен орын алған соңғы оқиға арқылы, демократиялық процестерді жеделдету керек деген ойды мемлекеттік қызметте жүрген азаматтар және халық қолдай бастағанын байқадым. Қазақстанның демократиялық таңдауы атты қоғамдық бірлестіктің саяси кеңесінің мүшесі Петр Своиктың айтуынша, соңғы оқиға арқылы Қазақстандағы саяси жүйе бәсекелестерге деген көзқарасын байқатты.

Петр Своик, «Қазақстанның демократиялық таңдауы» атты қоғамдық бірлестіктің саяси кеңесінің мүшесі: - Қазіргі кезде біздегі саяси партиялардың барлығы президент Н.Назарбаевтың төңірегінде тұрған партиялар. Осы партиялардың өзінде, яғни билікке жақын партиялардың арасында, бәсекелестік пайда болды. Бұл жөнінде толыққанды ақпарат алып отырған Алтынбек Сәрсенбаев осы бәсекеге түсуге бел буды, оның нәтижесі қалай боларын бақылау керек, - дейді Петр Своик.
XS
SM
MD
LG