Accessibility links

Бүгін Қазақстан елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресейдің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Владимир Бабичевті қабылдады.


Кездесу барысында басты сауалдар қатарында Қазақстанда Ресей жылын өткізу, сондай-ақ алдағы уақытта Ресей елбасы Владимир Путиннің Қазақстанға жасайтын сапар мақсаты талқыланды. Қаңтар айына белгіленіп отырған Путиннің осы сапарымен Қазақстандағы Ресей жылының ресми ашылуын жариялау жоспарлануда. Кездесу кезінде қос елбасы мемлекеттер арасындағы екіжақты әріптестік және Орталық Азия аймағында тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жайын талқылайтын болады-, дейді Казахстан тудей ақпарат агенттігі.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG