Accessibility links

Елбасы Шеварднадзенің қолдауындағы блок парламенттік сайлауларда жеңіске жетіп отыр.


Сайлау комиссиясы өкілдерінің айтуынша Жаңа Гүржістан үшін атты бұл блок 26,6 пайыз дауыс жинақтаған екен. Мұның өзі- сайлауға қатысқандардың 50 пайыздық дауысы ғана есептелгендегі көрініс. Сондықтан ол әзірге ең биік көрсеткіш болып тұр. Бақылаушылардың пікірінше, бұл сайлаулар тұсында едәуір ілгерілеушіліктер байқалған. Атап айтқанда еркін сайлау жүйесі мен бұқаралық ақпарат бұлақтарына бұл науқанды еркін түрде жариялауға мүмкіндіктің берілуі. Дей тұрғанмен, Европадағы қауіпсіздік пен ынымақтастық ұйымы жанындағы парламенттік Ассамблея төрағасының пікірінше, басты кемшіліктер қатарында сайлаушылар тізімін жасаудағы салғырттықтардың орын алғандығын айтуға болады-, дейді Рейтер ақпарат агенттігі.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG