Accessibility links

Иранның жоғарғы басшысы Халықаралық атом қуаты агенттігімен ядролық жұмыстар бойынша байланыстарды қолдап отыр

  • Ардақ НҰРҒАЛИ

Бірақ ол егер Техраның қауіпсіздігіне нұсқан келсе, онда бұл тоқтам қалаған уақытта тоқтатылатындығын мәлімдеді.

Халықаралық атом қуаты агенттігімен ядролық жұмыстар бойынша байланыстар құруға баруы бұл Иранның жеңілгені емес, Техран бұдан қалаған уақытында шыға алады дейді Аятолла Әли Хаменей.

Жексенбі күні жоғарғы лауазымды үкімет ұлықтарының басқосуында Хаменей былай деді: -Істі ешқандай қолдан беру болған жоқ. Жасалған шаруа дұрыс және жақсы қадағалауда. Бұл АҚШ пен Израилдың астыртын әрекеттеріне қарсы істеліп отыр."

Иран өткен айда өзінде Франция, Британия және Германия сыртқы істер министрлері болып қайтқаннан кейін өзінің уранды байыту бағдарламасын тоқтатуға келісіп, Ядролық қаруды таратпау туралы келісімге қосымша Хаттамаға қол қойып және Халықаралық атом қуаты агенттігімен серіктестікке баруға көнді.

Хаменейдің айтуынша, бейбіт келісім Иранға өзінің ядролық қарекетін дамытуға мүмкіндік береді.

"Бұл біздің ядролық бағдарламамызды бейбіт жолмен сақтау. Біз бұл бағдарламадан кез келген құн үшін бас тарта алмаймыз."

Келісімді Хаменейдің бірнеше консервативтік көзқарастағы үзеңгілестері сынады. Олардың ойынша, бұл Ираның ұлттық мүдделеріне зиянын тигізеді.

Хаменей жексенбі күні егер Иранның ұлттық мүдделеріне қауіп төнсе, онда Халықаралық атом қуаты агенттігімен серіктестікті тиятын болады.

"Егер біздің ұлттық мүдделерімізге нұсқан келер болса онда біз бұл үдерісті бірден тоқтатамыз."

Бірақ ол ядролық іс бойынша наразылық танытуларға бармай, бірлік сақтауға шақырды. Хаменей қосымша қаттамаға Иран Мәжілісі қол қоятындығын айтты.

Қосымша Хаттама арқылы БҰҰ-ның тексерушілері Иранның ядролық нысандарын емін-еркін тексере алады.

Өткен аптада Мәжіліс төрағасы Мехди Кәробби үкіметтің заң жобасына қосымша Хаттама енгізіліп, оны ел мәжілісі бекітеді деді. Құжаттың қашан бекітілетіндігі нақты айтылмады.
XS
SM
MD
LG