Accessibility links

Алматыға 14-інші қарашада ресми сапармен Халықаралық валюта қорының нұсқаушы-директоры Хорст Келлер келмек.


АЛМАТЫ: Қараша айында тағы бір шетелдік қонақтың сапары жоспарланып отыр. Қазақстанның ұлттық валютасы – теңгенің 10-жылдық мерейтойына қатысу және оның барысында Қазақстанның үкіметімен және Ұлттық банкімен арадағы қарым-қатынастарының дамуына серпін беру мақсатында бірқатар маңызды кездесуге қатысу үшін Алматыға 14-інші қарашада ресми сапармен Халықаралық валюта қорының нұсқаушы-директоры Хорст Келлер келмек. Халықаралық валюта қоры - әлемдік экономиканы тұрақтандыру үшін 1945 жылы құрылып, оның қазіргі 300 млрд. долларлық қорын АҚШ, Жапония, Ресей және т.б. елдер құрайды. Қазақстанның ондағы үлесі шамалы, бірақ Халықаралық валюта қорына Астананың қарызы жоқ.
XS
SM
MD
LG