Accessibility links

Грузиядағы парламент сайлауының бастапқы нәтижесі бойынша, президентке жақын партиялардың бірлестігі болар-болмас дауыспен басым алда келеді, жалпы алғанда бірақ оппозициялық партиялар басым түсті.


ТБИЛИСИ: Грузиядағы парламент сайлауының бастапқы нәтижесі бойынша, президентке жақын партиялардың бірлестігі болар-болмас дауыспен басым алда келеді, бірақ барлық дауыстың жартысынан көбі есептелгенде, президенттік “Жаңа Грузия үшін” бірлестігі – 25 пайызға жуық дауыс алса, оппозициялық Ұлттық қозғалысты 23,7 пайызы қолдаған, басқа оппозициялық партиялар – 46 пайыз дауысқа қол жеткізген. Сейсенбі күні оппозицияның 20 мыңға жуық өкілі Тбилисидің орталығында президент Э.Шеварнадзенің биліктен кетуін талап етіп митингі ұйымдастырды. Оппозиция билікті сайлау қорытындысын бұрмалады деп айыптауда, ал Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақстатық ұйымының бақылаушылары дауыс беру үдерісінің көп ретте бұрмаланғанын мәлімдеуде.
XS
SM
MD
LG