Accessibility links

“Американдықтар көмектеспейді” деп ренжу ирақтықтардың үйреншікті шағымы.


Ирақтықтар "американдықтар бізге тіршілік түйіткілдерін шешуде жәрдем бермейді. Бағдадтағы бұрынғы президент сарайына кіріп алып төбе көрсетпей отырады. Сарай сыртында не болып жатқанында шаруасы жоқ деп ренжиді. Ызаға булығады" деп жазады Бағдадтан тілшіміз Валентинас

Бағдадта күн жарқырап тұр. Алайда коалициялық билік орналасқан Саддам Хұсейн сарайы алдында кезекте тұрған 50 шақты ирақтықтардың қабағынан бұлт арылар емес деп жазады тілшіміз Валентинас Мите Бағдадтан. Топ кісі ашуға булығып тұр. Олардың бірі соғыста жоғалған бауырынан хабар білгісі келсе, енді бірі осы сарай қорасындағы Ибн Сина ауруханасындағы жақынының жағдайын білгісі келеді. Ибн Сина ауруханасында соңғы кезде қалада жарақаттанғандар жатыр.

Сарай танктермен, мұздай қарулы әскермен қоршалған. Қарапайым жанға іштегі американдықтармен жүздесіп ақпарат алу оңай емес. Есік алдында сарсылып тұрғандардың бірі Салах Ража Алуан. Оныңайтуынша, оның немере туысы машина айдап келе жатып шайқас болып жатқан алаңнан өте бергенде америка танкі оның машинасын езіп кеткен. Оның өзі аман-қалды ма, өлді ме соны білгісі келеді Алуан. Осы колациялық орталығына Алуан күн сайын келемін дейді бірақ ақпарат алу мүмкін емес дейді:

"Олардан жәрдем күту бекершілік. Мінеки, мында оның суреті. Отбасы. Балаларының суреті. Осында жеті күннен бері келіп жүрмін. Бірақ, әлі бірауыз хабар ала алмадым. Біздің білгіміз келетін ол тірі ме, өлген бе тек сол. Американдықтар адамды аяу дегенді білмейді екен."

Ал, сарай алдында сарсылып тұрғандардың бірі Рахда болса бауыры Ахмедті іздеп жүр. Ол да Бағдадтан 80 км жердегі Сахрабан ауылынан келіпті.

"Ал менің бұ жерге келіп жүргеніме бақандай 3 күн болды. Бірақ олардан маған зәредей жәрдем болмады. Бауырымды Ибн Сина ауруханасына жатқыздық,” - дейді.

Ашулы Рахда американдықтардан бір хабар алмай бұ жерден тапжылмаймын дейді. Ашулы топ ішінде сақалы беліне түскен кәрияны көресіз. Аты –жөні Селам Ануар Даут. Бағдадтан 40 км жердегі ауылдан келген. Осында Ибн Сина ауруханасында жатқан ұлымның жағдайын білейін десем мені ішке аттап бастырмайды дейді:

"Американдықтар жәрдем бермей отыр. Мені ішке кіргізбейді. Мінеки мына хатты берген де американдық. Ұлымның өлі не тірі екенін білейін десем мына американдықтар мені ішке жібермейді."

Әмір деген жас жігіт үйден американдық солдаттар алып кеткен әкесін іздеп келіп тұр, әкесінің өлі не тірі екенін білмейді.

"Менің білейін дегенім тек әкемнің қайда екенін білу. Өлі не тірі екенін білу. Соны американдық ұлықтардан сұрап келіп тұрмын."

Ал, американдықтар болса мені біресе анда бар, біресе мында бар деп әлектеді дейді Әмір. Мен бармаған морг қалмады бұ қалада дейді. Американдықтарға сөз өтпейді екен, әттең қолымда қаруым жоқ, болса әкесін танытар едім мыналардың дейді ашуға булыққан Әмір. Мына сарайдың ішінде отырған американдықтарды көргенде Ирақты басып алған солдаттарға жылап көріседі екенсің дейді Әмір.
XS
SM
MD
LG